Көкөзек ауылының тұрғындары тәркіленген жер телімі үшін әділ өтемақы сұрайды

Сурет: видеодан скриншот
Алматы облысы Көкөзек ауылының тұрғындары магистральдық газ құбырын тарту үшін әкімдік тартып алған жер телімдеріне берілген өтемақы мөлшерімен келіспейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv сайтының хабарлауынша, тұрғындардың көбі ұсынылған өтемақы көлеміне көңілі толмай, облыс әкімдігіне түсініктеме алуға келген.

500-ге жуық жер қожайындарын бұл жер телімдерін олардан сатып аламыз деп сендірген. Бірақ ұсынылған бағамен көптеген адам келіспеді.

"Олар маған бұл жер мемлекет мұқтажы үшін бұзылады деп жатыр. Ешқандай хабарлама алған жоқпын. Біздің үйлер нарықтық бағадан төмен бағаланды. 1 900 000 - бұл ақшаға қазір қайдан жер сатып алуға болады?"Аманғали Мұқашев, Көкөзек ауылының тұрғыны.

Шенеуніктер бұл жерлерді сатып алу керек деп түсіндірді. Жер учаскелерін ауыл тұрғындарына қалдыру мәселесі мүлдем талқыланбайды.

"Газ магистралінің қауіпсіздік аймағы – 150 метр. Бұл жерлерді алып қою ауыл тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бағамен келіспегендер үшін процедураны қайталаймыз. Қандай да бір келісімге келуге тырысамыз".Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов

Егер тараптар бұл жолы баға бойынша келісе алмаса, мәселені тек сот арқылы шешуге болады. Ал әзірше тұрғындар өз мүлкі әділ бағаланады деп үміт етіп отыр.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты