Президент селден қорғайтын "Аюсай" бөгетіне барды

Мемлекет басшысы сел тасқынынан қорғайтын «Аюсай» бөгетіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары биыл 1 маусымда пайдалануға берілген сел тасқынынан қорғайтын бөгетпен танысудан басталды.

"Аюсай" бөгеті Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан. Оның жоғары жағында сел қаупі бар 98 учаске, 89 мұздық, 20 мореналық және мұзды көл бар. Бөгет сел жүру қаупін барынша азайтып, 500 мыңнан астам халық пен 2 мыңға жуық нысанның табиғат апатынан қорғалуын қамтамасыз етеді.

Еліміздің биік таулы аймақтарында 970 мореналық көл бар. Оның ішінде 156 көлде сел жүру қаупі жоғары.

Мемлекет басшысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін селден қорғау шараларын жүргізу маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте Президент Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және "Қазселденқорғау" мекемесі өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

"Аюсай" бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды

Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді. Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі.


Сурет: akorda.kz


Гидробекеттердегі мәлімет ТЖМ Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады.

Бөгет туралы ақпарат:

Қазақстан Алматы Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: