Тоқаев Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен әңгімелесу барысында Қазақстан екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға баса мән беретінін айтты.

Президент екіжақты күн тәртібі аясында Вьетнаммен парламентаралық байланыстарды дамытуға баса мән беретініне назар аударып, заң шығару органдары арасындағы өзара сапар алмасу ісін жандандыруды ұсынды. Выонг Динь Хюэ парламенттер арасындағы екіжақты қарым-қатынасты тереңдету жөніндегі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қолдады.

"Сіздің сапарыңыз елдеріміз арасындағы достық қатынастарды нығайтуға деген шынайы ниетіңізді білдіреді. Сонымен бірге сапарыңыз алға қарай басқан маңызды қадам және Вьетнам мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі әрі көпжақты ынтымақтастыққа тың серпін береді деп ойлаймын. Сонымен қатар сіздің Парламентте ұзақ жыл қызмет етіп, мол тәжірибе жинағаныңыз мәлім. Бұл біздің заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін пайдалы болады деп санаймыз", – деді Ұлттық жиналыс төрағасы.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады