Бәйтерек - БҚО-дағы бау-бақшаға бай аудан

Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданы дәнді дақылдар мен бақша өнімдеріне бай аудан. Алынған өнімдерді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін заманауи қоймалары да, оларды өңдейтін өндіріс орындары да бар.

Осыған орай, БҚО әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысы аудандағы "Рубежинское" АШӨК, "Хамино" ЖШС, "АгросервисБатыс" ЖШС және басқа да шаруа қожалық басшыларымен жүздесіп, бірқатар нысандардың жұмыс барысымен танысты.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл облыста бәйтеректік дихандар алғаш болып, жаңа дақыл түрлерін егуді қолға алды. Солардың бірі – жасымық (чечевица). Сұлукөл ауылдық округіндегі "АгросервисБатыс" ЖШС 300 гектар жерге жасымықтың канадалық сұрпын егіп, қазір соның жартысын жинап үлгерген.


Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Аталмыш серкітестіктің атқарушы директоры Нұрболат Баймұратовтың айтуынша, жасымықты егу үшін 1 гектарға 72,2 мың теңге көлемінде шығын кетеді екен. Ал әлемдік нарықта оның құны тоннасына 220 000 мың теңге болады. Әрі оған сұраныс та жоғары. Өңір басшысы "АгросервисБатыс" шаруашылығында білікті агроном, экономист және де шаруашылыққа қажет бар мамандардың жұмыс істеп жүргеніне ризалығын жасырмады.


Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


"Біздің міндетіміз - халықты ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен қажет көлемде және қолжетімді бағада қамтамасыз ету", - деген облыс әкімі Нариман Төреғалиев дәнді дақылдар мен бау-бақша өнімдерін жергілікті жерде молырақ өндіру қажет екенін атап өтті.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: