"Алтын Орда" базарындағы заңбұзушылық: бюджетке 170 миллион теңгеге жуық салық түсті

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті маусым айында "Алтын Орда" базарын тексерудің қорытындысын хабарлады. Тексеру нәтижесінде бюджетке өсімпұлды есептемегенде 169,6 млн теңге салық түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хронометриялық зерттеу нәтижесі бойынша "Алтын Орда жаңа компания" ЖШС өткен жылдың 4-тоқсаны бойынша қосымша салық есептілігін тапсырып, 530,4 млн теңге кірісін жариялаған. Кәсіпорын 63,6 млн теңге ҚҚС және 106 млн теңге корпоративтік табыс салығын төлеген.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті биыл маусымда "ALTYN ORDA NEW COMPANY" ЖШС-де хронометраждық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ЖШС 2022 жылдың 4 тоқсанына 530,4 млн теңгенің кірісін көрсете отырып, қосымша салық есептілігін тапсырды. Қосымша есептелген қосылған құн салығы - 63,6 млн тг. Корпоративті табыс салығы - 106,0 млн тг. Өсімпұлды есептемегенде хронометраждық тексеру нәтижесі бойынша бюджетке барлығы 169,6 млн теңге түсті.


"Тексеру барысында "ALTYN ORDA NEW COMPANY" ЖШС-де бақылау-касса машиналарын қолданбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырудың қосымша нүктелері анықталды (базарға кіру (қақпа) және бухгалтерия). Тексеру нәтижесі бойынша қосымша 4 бақылау-касса машинасы тіркелді. Бүгінде "Алтын Орда" сауда базарында түсіндірудің нәтижесінде жеке кәсіпкерлер ретінде 742 салық төлеуші және осынша бақылау-касса машиналары ерікті түрде тіркелді. Одан бөлек Алматы облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Алтын орда" базарында кәсіпкерлік қызметті салық органдарында тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша (рейдтік) тексеру жүргізілді. Рейд барысында 12 жеке тұлға анықталды. Материалдары сотқа жолданды", - делінген комитет хабарламасында.

Бұдан басқа мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері 3 салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты:

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: