Алматыда жаңа оқу жылында 133 мың оқушыға тамақ тегін берілмек

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету жалғасады.

Әкім Ерболат Досаевтың айтуынша, 2022 жыл мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына ыстық тамақты ұйымдастыру қаншалықты маңызды екенін көрсетті.  

"Биыл осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 20,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген. Тегін тамақпен шамамен 133 мыңнан астам білім алушыны қамтимыз деп болжанды", - деді қала басшысы.

Сонымен қатар биыл Алматы әкімдігі Қазақ тамақтану Академиясымен және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп "Оқушылардың денсаулығын басқару" мектеп тағамдарының жаңа моделін пилоттау жобасын әзірлеп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз