Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды", делінген 2023 жылдың 26 тамызында Ақорданың Telegram арнасындағы хабарламасында.

Сондай-ақ Президент тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Айта кетсек, осы аптаның басында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 370 жүк көлігі кезек күтіп тұрғаны белгілі болды. 22 тамызда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өз министрлігіне коммерциялық жүктерге қатысты өз министрлігіне ешқандай тапсырма жүктелмегенін мәлімдеді. Өз кезегінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын нақтылады.

24 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның мониторинг тобы 24 қазақ-қырғыз шекарасында болып, қырғыз халықаралық тасымалдаушыларының автожол өткізу бекетінің қызметімен танысты.


Қазақстан
Қырғызстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды