Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

"Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қазақстан
Қырғызстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты