Президенттің "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауы басталды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент депутаттарды жаңа сессияның ашылуымен құттықтап, көктемдегі сайлаудан кейін Парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейіп, депутаттар құрамы айтарлықтай өзгергенін атап өтті.

"Саяси партиялардың фракциялары, бір мандатты округтан сайланған депутаттар да жұмысқа белсене кірісті. Олар көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтере бастады. Депутаттарымыз жазда да көп жұмыс атқарды", – деді Президент.

Небәрі екі айда 1200-ден астам елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесті, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Мемлекет басшысы табысты қызмет атқарғаны үшін депутаттарға  ризашылығын білдірді.

"Жаңа сессияда жұмыс қарқыны бұдан да жоғары болады деп ойлаймын", – деп түйіндеді сөзін ол.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз