Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы жарлығымен Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Жаңа министрлік Экология және табиғи ресурстар министрлігінен бөлініп құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығымен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында қаулысымен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі одан Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі болып бөлініп шықты.

Жаңа Су ресурстары және ирригация министрлігіне:

1 қыркүйекте Қазақстан президенті кезекті жолдауын жариялады. Онда мемлекет басшысы су ресурсына, оны үнемдеу қажет екеніне ерекше тоқталды. Оның сөзінше, әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр.

"Жалпы біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер".Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы