Қазақстанда АЭС салу: референдум өткізуге қанша қаражат жұмсалмақ

Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 6 қыркүйекте мәжіліс кулуарында Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына қатысты референдум өткізуге қанша қаражат қажет болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Ерұлан Жамаубаевтан Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізуге қанша қаражат қажет болуы мүмкін екенін сұрады.

"Әуелі референдумның қашан өтетінін анықтап алайық. Референдум қашан болатынын түсінуіміз керек, содан кейін есептейміз", - деді Қаржы министрі.

Кейінірек ол барлығы ОСК-ның өтінішіне байланысты болатынын айтты.

"Егер күні шешілсе, Бюджет кодексінің рәсімдеріне сәйкес, ОСК бізге қанша ақша керек екенін, аймақтарда қанша сайлаушы қажет екенін және тағы басқа талаптарын айтады. Ал қазір есеп-қисап жоқ, мен қанша қаржы кететінін қалай айтамын? Бәлкім аз болар (Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуге қарағанда. – Ред), жаңа әдістерді қолдануға болады. Аз болуы керек", - деді ол.

Бұған дейін Шавхат Өтемісов ОСК Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша биыл референдум өткізуге дайын екенін айтқан еді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды