Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Ақорданың кулуарында президенттің жаңа баспасөз хатшысы Нұрмұхамед Байғараев жаңа қызметі жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрмұхамед Байғараевтың айтуынша, ол меритократия қағидаты бойынша тағайындалған.

"Сонымен қатар бұл жерде медиа саласындағы тәжірибе де ескерілді. 2008 жылдан бері мен жұмыс істеп келем, әріптестеріңіз болдым. Ал  бұл қызметте бір жыл жұмыс істедім. Осы факторлар әсер еткен шығар". Нұрмұхамед Байғараев

Нұрмұхамед Байғараев 6 қыркүйекте президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл тағайындауға дейін Байғараев президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болған.

Бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін Руслан Желдібай атқарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі