Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатылғаны жөніндегі қауесетке жауап берді

Сурет: gov.kz
Бүгін, 2023 жылғы 8 қыркүйекте әлеуметтік желілерде Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатылды деген қауесет тарады. Zakon.kz тілшісі мән-жайды анықтау үшін дипломатқа хабарласты.
"Жоқ, бұл жалған", – деп қысқаша жауап берді Дархан Қалетаев Zakon.kz тілшісінің сұрағына.
Оның айтуынша, Украина Сыртқы істер министрлігіне әзірге Қазақстаннан жаңа елші тағайындауға алдын ала келісім беру туралы өтініш қана түскен.
"Иә, Қазақстаннан Украина Сыртқы істер министрлігіне жаңа елші тағайындау туралы агреман (алдын ала келісім) туралы өтініш келіп түсті, мені қызметтен босату және жаңа елшіні тағайындау процесі бір-екі айға созылуы мүмкін. Қалай болғанда да, мемлекет басшысы өз Жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісін тағайындайды және қызметтен босатады",  – деп түсіндірді Zakon.kz тілшісіне Дархан Қалетаев.

Дархан Қалетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі қызметіне 2020 жылдың ақпанында тағайындалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

+40°С-қа дейін: Қазақстанда аптап ыстық қайта күшейеді