Елімізде 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге бөлінеді

Сурет: primeminister.kz
2027 жылға дейін Қазақстанда 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалмақ. ҚР үкіметінің қаулысымен Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді.

Осылай 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген. 10 кешенді жоспар аясында 608 тармақтан тұратын іс-шараларды іске асыру көзделген: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған.

"Мемлекет басшысы моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау, олардың одан әрі дамуына және ең бастысы, онда тұратын азаматтарға қолдау көрсетуді тапсырды. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларды дамытуда кешенді тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ жаңа шараларды жүйелеу және іске асыру үшін тиісті Жол картасын әзірлеп жатыр. Жол картасында Моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізбесін, Әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу, индустриялық аймақтар мен озық даму аумақтарын құру және т.б. мәселелер көзделген", - делінген үкімет хабарламасында.
Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады