Тоқаев пен Рахмон екіжақты қатынастарды дамыту мәселесін талқылады

Сурет: akorda.kz
Душанбе қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені және тәжік жерінде зор құрметпен қарсы алғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

"Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады", – делінген ресми хабарлама.

Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берілді.

Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Сонымен қатар президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған едік.

Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты