Депутаттың айтуынша, егін жинау жұмыстары басталған кезде қолайсыз ауа-райы қалыптасты, Қостанай облысының барлық аумағында үздіксіз жаңбыр жауды, тек тамыз айында жауын-шашын нормадан 2,5 есе жоғары болды.
"Ауыл шаруашылығы құрылымдары егін жинау жұмыстарының кешеуілдеуіне, егістің жаппай қаулап өсуіне жол бермеуге байланысты дақылдардың ылғалды болуына қарамастан бастыруға мәжбүр болып отыр. Облыстың кейбір аудандарында бұршақ жаууына байланысты егін жойылып кетті. Ауа-райының нашарлауы егін жинауды қиындатады, астық сапасы төмендеді, ауқымды өнім көлемі шығынға ұшырап, жемдік астыққа жатқызылатын болды. Ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының төмендігі де жағдайды ушықтыра түсуде", - деді сенатор.
Қостанай облысына барған кезде сайлаушылармен кездесулерде депутаттың атына егіннің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар келіп түскен болатын. Сенатор Ғ.Нұрмұхамбетов осыған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан төмендегі мәселелерге назар аударуды сұрады.
"Импорттық тұқымдарды сатып алу және әкелу кезінде, ылғалды астықты жедел әкету және кептіру үшін фермерлерге ҚҚС-ты алып тастауды, автокөлікке тиеу талаптарына мораторий белгілеуді, өнімді егістіктен қоймаларға және астық қабылдау кәсіпорындарына тасымалдау кезінде қазіргі уақыттағы 1 тоннаға 100 евро мөлшерінде баж салығын көздейтін күнбағыс экспортына шектеулерді алып тастауды ұсынамыз", - деді сенатор.
Сенатордың сауалында ағымдағы жылы "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолайлы бағалар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін көп көлемін сатып алуды ұйымдастыру, сондай-ақ саланы қолдаудағы мәселелерін жеделдетіп шешу мақсатында еліміздің астық егетін солтүстік өңірлерінде егін жинау жұмыстары басталған кезде ауа райының өзгеше жағдайына байланысты республика деңгейінде төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс айтылды.