Наталья Жұмаділдаева Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Наталья Жұмаділдаева Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Наталья Васильевна Жұмаділдаева оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Наталья Васильевна 1965 жылы туған. Білім беру саласында 30 жылдық тәжірибесі бар.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1987 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

2004 жылдан 2013 жылға дейін Қызылорда қаласындағы №112 және Ж.Қизатов атындағы №23 ОМ директоры болды.

2013-2015 жылдары Қызылорда қаласы Білім бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда қаласы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры болды.

2016 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты.

2021 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев