Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлерге қаржылай көмек көрсетуді тапсырды

Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды", делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған Қазақстанның солтүстік облыстарында ауа райы салқындап, жаңбыр мен үсік салдарынан астықтың сапасы төмендеуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында соңғы екі аптада жауын-шашын толастамай тұр. Қазгидрометтің болжамы көңіл көншітпейді: жауын-шашын 17 қыркүйекке дейін жалғасып, аяз түседі, соның салдарынан солтүстік өңірлерде жаңа дәннің өніп кетуі және ылғалдың жоғарылығынан сапасының төмен болу қаупі бар.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды