Астық егетін аймақтардағы ұзақ жауын-шашын егінге кесірін тигізді – министр

19 қыркүйектегі үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы егін жинау науқаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналатын алаң 17,3 млн гектар болды. Бүгінде республика бойынша барлығы 6,9 млн гектар немесе 40,0% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. 6,6 млн тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарынан 9,5 центнер. (2022 жылы - 14,2 млн. тонна астық бастырылған, орташа өнімділік гектарынан 12,2 центнерді құраған).

Салыстыру үшін: былтырғы осыған ұқсас кезеңде 11,6 млн гектар немесе 72,8% жиналған еді.

Министрдің баяндауынша, егіс науқаны оңтайлы аграрлық мерзімдерде жүргізілді, жаздың ауа-райы жағдайлары елдің көп бөлігінде қалыпты жағдайда болды. Егін жинау науқанына дайындық кезеңінде техниканың дайындығы, жеңілдетілген жанар-жағармай 100% қамтамасыз етілді.

"Негізгі астық егетін аймақтарда 3 аптадан астам уақытқа созылған ұзақ жауын-шашын өзінің кесірін көрсетті. Бұл жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, астықтың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді. Ауа-райынан зардап шеккен өңірлерде барлық мүдделі орган мен ұйымдарды қоса отырып, келтірілген зиянның ауқымын айқындау үшін жұмыс комиссиясы құрылды", - деді министр Айдарбек Сапаров.

Жұмыс комиссиялары еліміздің зардап шеккен аймақтарына барып, егін жинау жұмысының барысына талдау жүргізді. Әкімдіктердің дерегінше, 2,7 млн гектарда немесе 15% алаңда дәннің өніп жатқаны байқалады. Орташа өнімділік былтырғы деңгейден гектарынан 2,7 центнерге төмен екендігін айта кету керек. Қазір облыстарда барлық егін жинау техникасы жаппай егістіктерге шықты, егін жинау жалғасып жатыр.

Комиссия жұмыстарының қорытындысы бойынша фермерлерді қолдау мақсатында мынадай шаралар қабылданған:

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: