Қазақстанда кейбір жылу қазандықтарын жөндеу қазан айының соңында бітеді

Сурет: pixabay
Үкімет отырысында алдағы жылыту мауысымына дайындық барысы туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр бекітілген кестеге сәйкес электр стансаларында 10 энергоблок, 49 қазандық және 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланғанын баяндады. Бүгінде 5 энергоблок, 23 қазандық және 20 турбинада жұмыс істелсе, бұл ретте 4 энергоблок, 17 қазандық және 13 турбинаны жөндеу аяқталды.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы шамамен 25,3 мың шақырымды құрайтын электр желілерін, 567 қосалқы стансаны, сондай-ақ 3,5 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы стансаларды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

"Бүгінде 22,7 мың шақырым электр желілері, 514 қосалқы станса, 3 466 тарату пункті мен трансформаторлар бойынша жұмыстар аяқталды. Риддер ЖЭО-да мердігерлік ұйымдар 6 қазандықтың барлығында жөндеу жұмыстары жүргізуде. №2 және №3 қазандықтар қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі". Энергетика министрі

Екібастұз ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде алдағы жылыту маусымында 10 қазандықты жөндеу көзделген. Сонымен қатар "ОАЭК" акционерлік қоғамының есебінен қосалқы жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар жөнделеді.


"Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ 2-ЖЭО-ның дайындығы бақылауда. Мұндағы №4 қазандықты жөндеуді аяқтау мерзімі қазан айының соңына дейін ұзартылады".Жандос Нұрмағанбетов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады