Вера Ким Мәжіліс депутаты атанды

Сурет: ҚР ОСК баспасөз қызметі
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 19 қыркүйекте Вера Кимді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің жетекшілігімен ведомство отырысы өтіп, онда "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.А. Кимді тіркеу туралы" қаулы қабылданды.

Нұрлан Әбдіров Вера Кимге белгіленген үлгідегі куәлік пен төс белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.

Вера Ким 1982 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Айта кетсек, 31 тамызда Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі тоқтатылды. 4 қыркүйекте оның Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды