Қазақстанда монополист компания мұнай тасымалдауға тарифті 30 есе жоғары белгілеген

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды.

Кеңесте кен орындарының бірінен шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін мұнай құбыры бар жеке компанияның қызметі қаралды. Аталған бағытта осыған ұқсас басқа құбырлар болмағандықтан, мұнайды балама жолмен тасымалдау мүмкін емес. Соған орай компания өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып, мұнайды осындай қашықтыққа тасымалдау үшін нарықтың басқа қатысушылары қолданып отырған тарифтен 30 есе жоғары тариф белгілеген.

"Талқылау қорытындысына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген бағалардың негізділігіне талдау жасау және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті арқылы қажетті шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар жиында АМӨЗ және ПМХЗ-ға аутсорсинг шеңберінде көрсетілетін бірқатар сервистік қызметтерді зауыттардың өз құзыретіне қайтару мәселесі де қаралды", - делінген үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар медицина ұйымдарын жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпорынды сенімгерлік басқарудан Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру, сонымен қатар бұрын мемлекет меншігіне қайтарылған теміржол кірме жолдарын пайдалану мәселесін талқылады. 

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті