Шымкент қаласы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

Сурет: gov.kz
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Айдын Кәрімов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 25 қыркүйек күні Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осылайша, Ғабит Сыздықбековтің орынбасары төртеу болды:

Айдын Кәрімов 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, MNU (Maqsut Narikbayev university) университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған.

Түрлі жылдары ҚР ТЖМ "Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау" РМК, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы" РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен.

2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директорының орынбасары, ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-министрінің хаттама шефі, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі, ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 -2023 жылдары Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты