Курчатовта отбасыларға жаңа пәтер кілті табысталды

Сурет: Абай облысы әкімдігі
Бүгін Курчатов қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 18 балаға, 6 көпбалалы отбасыға, 40 толық емес отбасына және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жандарға жаңа пәтер кілті табысталды.

Жаңа пәтер иесінің арасында 78-жастағы Курчатов қаласының тұрғыны 6 бала тәрбиелеп отырған "Алтын алқа" иегері, көпбалалы ана Бахткан Муликова да бар.


Сурет: Абай облысы әкімдігі


Кейуана келе жатқан "қарттар күні" мерекесі қарсаңында баспаналы болды.


Сурет: Абай облысы әкімдігі


Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев тұрғындарды қонысымен құттықтап, қалада тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары алдағы уақытта жалғасатынын жеткізді


Сурет: Абай облысы әкімдігі


Бүгінде Олимпийская 35 және 37 көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің иесімен алдын ала келісім жасалып, үйлерді келесі жылы қалпына келтіру жұмыстары басталады.


Сурет: Абай облысы әкімдігі


Сонымен қатар Школьная 2 тұрғын үйін қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды