Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы жаңадан тағайындалды

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2 қазанда Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Нұрлыбек Жеңісбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлыбек Жеңісбекұлы аппарат қызметіне басшылық етумен қатар, идеология, ішкі саясат, жастар саясаты және дін мәселелеріне жауап береді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрлыбек Жеңісбекұлы 1988 жылы туған. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің "филология" факультетін тәмәмдаған. Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы халықаралық қатынастар магистрі. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2006 жылы "Қазақстан" телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор, сарапшы қызметтерін атқарған.

Биыл облыс әкімінің аппарат басшысы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінен мемлекеттік саяси қызметшілер санатына ауыстырылды.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды