Ілияс Бақытжан Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Үкімет қаулысымен Бақытжан Нәссенұлы Ілияс Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

Бақытжан Ілияс 1982 Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келді. 

Қазақ гуманитарлық заң университетін. РФ Президентінің жанындағы ауылшаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы электр құралдарын шығарушы компанияда есепші болып бастады. 

Ол ұзақ жылдар бойы электр энергиясын өндіру мен бөлуге мамандандырылған коммерциялық құрылымдарда және тау-кен кәсіпорындарында жұмыс істеді. Әртүрлі жылдарда ішкі аудит басшысы, директор орынбасары, басқарушы директоры, бірінші басшының көмекшісі қызметін атқарған.

2019 жылы "Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 

2019-2022 жылдары — "Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы" АҚ-ның басқарма төрағасы.

2022-2023 жылдары — "Қазақстан цифрлық энергетика қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды