Президентке "Самұрық-Қазынаның" 8 айда атқарған жұмысы баяндалды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қордың биылғы 8 айда атқарған жұмысының қорытындысы жөнінде баяндалды.

Нұрлан Жақыпов:

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелерін таныстырды. Қорға қарасты компаниялар тобының маңызды жобаларын жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда:

Еліміздің Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесіне қарасты батыс аймағындағы электр желілерін күшейту жобаларын аяқтау жоспарланып отыр. Мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру жоспарының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қорына қарасты бейінді емес активтерді жекешелендіру және компанияларға халықтық IPO өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады