Дәурен Қазантаев Су ресурстары және ирригация министрлігі аппаратының басшысы болды

Сурет: primeminister.kz
Дәурен Ғанибекұлы Қазантаев Су ресурстары және ирригация министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәурен Қазантаев 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған: жекеменшік құрылымдарда инвестициялар және корпоративтік бизнес салалары бойынша сарапшы болып жұмыс істеді.

2007-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрылымдарында сарапшы, жетекші маманның міндетін атқарушы;

2010-2016 жылдары Жамбыл және Павлодар облыстары әкімдігінің құрылымдарында жұмыс істеді.

2016-2020 жылдары - ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз