Қазақстан Ауғанстанға тағы да гуманитарлық көмек жөнелтпекші

Сурет: gov.kz
2023 жылы 11 қазанда Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстанға шұғыл гуманитарлық көмек көрсеткені туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты "KazAID" қазақстандық халықаралық даму агенттігінің белсенді қатысуымен Ауғанстанның Герат провинциясына қазақстандық арнайы авиабортпен салмағы 1600 тоннадан асатын азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтарын қамтитын ірі гуманитарлық жүк жеткізілді", делінген хабарламада.

Қазақстандық гуманитарлық жүкті Ауғанстандағы Табиғи апаттардың салдарымен күрес жөніндегі штабтың өкілдері, атап айтқанда Азаматтық әуежайлардың бас директоры Гарвал Абдул Саттар қабылдады.

Сонымен қатар 2023 жылы 10 қазанда Герат провинциясына 45 адамнан тұратын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару тобы келіп, қазіргі таңда Наиброфи елді мекенінде (Герат қаласынан 50 шақырым жерде) құтқару жұмыстарын жүргізуде.

"Жақын арада зардап шеккен ауған халқына темір жол көлігімен "Хайратон" станциясына (Ауғанстанның Балх провинциясы) кезекті ірі гуманитарлық жүкті жіберу күтілуде".ҚР СІМ баспасөз қызметі


Сурет: gov.kz

Герат провинциясының губернаторы шейх Нұр Ахмад Ислам Джар ауған халқы атынан қазақстандық тарапқа тұрақты гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Айта кетсек, 7 қазанда Ауғанстанның батысында (эпицентр Герат провинциясындағы) 2 500-ге жуық адамның қаза болуына, 9 000 адамның жаралануына, сондай-ақ 2 000 үйдің қирауына әкеп соққан қатты жер сілкінісі нәтижесінде ҚР Үкіметі ауған халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Ауғанстан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты