Ішкі істер вице-министрі қазақ тілін қаншалықты меңгергенін көрсетті

Сурет: primeminister.kz
17 қазанда өткен үкімет брифингінде Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха қазақ тілін білетінін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Игорь Лепехадан "Қазақ тілін білесіз бе? Білмесеңіз, үйрену жоспарда бар ма?" деп сұрады. Бұған жауап ретінде вице-министр мемлекеттік тілді меңгергенін көрсетті.

"Мен қазақша білемін. Мен қазақша үйреніп жүрмін. Аздап сөйлей аламын, ресми құжаттарды оқи аламын, баяндама жасай аламын", - деп қазақша жауап берді Игорь Лепеха.

Сонымен қатар ол журналистердің сұрақтарына неліктен орысша жауап беретінін түсіндірді.


"Мен қазір кейбір даулы сұрақтарға қате жауап беріп қаламын ба деп қорқамын. Сіздерді кей жерде дұрыс түсінбей қаламын ба деп немесе бір жерде қате жауап беремін бе деп қауіптенемін. Бірақ мен үйреніп жүрмін және барлық қызметкерімізді үйренуге шақырып жүремін. Біздің барлық алқаларда, барлық отырыстарда мен мүмкіндігінше қазақша сөйлеуге тырысамын", - деп түсіндірді вице-министр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді