Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия комитеттерінің төрағаларымен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия комитеттерінің төрағаларымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Эр-Риядта өткен Бүкіләлемдік мұра комитетінің 45-сессиясының қорытындылары талқыланды. Аталған сессияда Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтары ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілгені белгілі. Мұны "Тұранның суық қысқы шөлдері" трансұлттық номинациясының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан бірлесіп ұсынған болатын, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ерлан Қарин Ұлттық комиссияның комитеттері мен клубтары атқарған жұмыстың нақты нәтижелерін атап өтті.

Сондай-ақ биыл маусым айында ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуленің Қазақстанға ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтергенін айтты.

Бұдан бөлек, ел аумағындағы ЮНЕСКО нысандарының сақталуын қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады