"Парасат", "Ел бірлігі", "Халық жазушысы": Тоқаев еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады

Мемлекет басшысының жарлығымен ғалымдарға, мәдениет және білім қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне "Парасат" ордені, ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін "Ел бірлігі" ордені және "Қазақстанның халық жазушысы" атағы берілді.

Белгілі ғалымдарға, мәдениет және білім қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне "Парасат" ордені берілді:

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылдан бастап ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін "Ел бірлігі" ордені тағайындалды:

Биылдан бастап құрметті марапаттар қатарына "Қазақстанның халық жазушысы" және "Қазақстанның халық әртісі" атақтары қосылды:

Т.Әбдікұлы, С.Елубаев, Б.Нұржекеев, С.Сматаев, А.Аширов және Л.Шашкова "Қазақстанның халық жазушысы" атағын иеленді. "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Д.Ахимовқа, М.Токарев пен Д.Ақмолдаға, опера әншілері Ш.Әбілов пен Т.Күзенбаевқа, атақты әншілер Р.Стамғазиевке, Д.Құдайбергенге және күйші А.Үлкенбаеваға берілді.

Сонымен қатар "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" КеАҚ дәрігері С.Андосова, "М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КеАҚ профессоры А.Плешаков, "Шыңға өрлеу" ҚҚ директоры Р.Сыпабекова, "Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы" КММ аға бапкері Н.Құлышов және басқа да азаматтар "Құрмет" орденімен марапатталды.

Өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да материалдық өндіріс салаларының 94 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденін иеленді.

ІІ дәрежелі "Достық" ордені "Алға, Петербург" интернет жобасының авторы Иван Червинскийге берілді.

Ал футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов "Ерен еңбегі үшін" медаліне лайық деп танылды.

"Ерлігі үшін" медалімен Мұрат Есенқабылов пен Талғатбек Төлеубаев наградталды. Мұрат Есенқабылов өртеніп жатқан көлік ішінен 3 әйел мен 5 баланы аман алып қалса, Талғатбек Төлеубаев тілсіз жауды ауыздықтауда үлкен ерлік көрсеткен.

Пара жеңіл атлетика спортшысы, бірнеше республикалық сайыстардың жеңімпазы Айсұлу Сүлейменоваға "Шапағат" медалі табысталды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ғылым және мәдениет салаларының 31 көрнекті өкіліне және "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы Ақмола облысы "№4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Ү.Еңсебаеваға берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 143 адам наградталды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажыр-қайраты үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдері І және ІІ дәрежелі "Даңқ" ордендерімен, ІІ және ІІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.


"Жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілді Атап айтқанда, марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар. Бұл – қарапайым еңбеккерлердің мәртебесін асыруға, қоғамдағы қадірін арттыруға бағытталған нақты қадам", - делінген Ақорда хабарламасында.
Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: