Кеншілерді Костенко шахтасынан іздеп табу неге сонша қиын болды

Сурет: primeminister.kz
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкіметтегі отырыста Костенко шахтасында болған жағдай туралы баяндады. Министр іздеу электр энергиясының болмауына, тау-кен қазбаларының ұзындығына және көптеген бұзылған механизмдерге байланысты қиындағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру-құтқару барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша 46-шы қаза тапқанның денесінің бөлшектері табылды. Қазір қайтыс болған 40 адамның жеке басы анықталды, 6-уы анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін қажетті тиісті сараптамалар жүргізіледі. ДНҚ талдауы қажет болуы мүмкін.

"Іздеу электр энергиясының болмауына, тау-кен қазбаларының ұзындығына және көптеген бұзылған механизмдердің болуына байланысты қиындады. Жеке су басқан тау-кен қазбаларына қол жетімділік болмады. Үйінділерді тазалау және қаза болғандардың денелерін табу қиын болды. Қазір ашық жану ошақтары жоқ, газдық жағдай қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жүргізіліп жатыр". Сырым Шәріпханов

Министр өте маңызды бұзулар анықталғанын айтты. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрлыстары қираған. Қазір тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.

"Сонымен қатар тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылды. Аталған факті бойынша құрылыс және тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өтіп жатыр". Төтенше жағдайлар министрі

Биыл 28 қазанда сағат 2-ден 36 минут кеткенде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтада тереңдігі 700 метрде жану болып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды. Бұл жерге дереу Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Қарағанды филиалының күштері жіберілді. Авария кезінде ауысымда 252 кенші болған. Оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-і тау-кен құтқару күштерімен табылып, жер бетіне шығарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз