Макрон Қазақстанға жасаған алғашқы сапарынан қандай ой түйгенін жазды

Сурет: akorda.kz
Франция президенті Эммануэль Макрон әлеуметтік желілердің бірінде Қазақстанға ресми сапарынан түйген ойын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция президенті 2023 жылғы 1 қараша күнгі Қазақстанға ресми сапарынан кейін Instagram желісінде Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас жөнінде пікірін білдірді.

"Ұлы державалар қайта гегемон атануға ұмтылып жатқан, ал басқа елдер болжап болмайтын күйге түскен әлемде жаңа перспективалар құруға болатын серіктесің мен достарыңа арқа сүйей алатыныңды білген жақсы", – дейді Эммануэль Макрон.

Макрон "Қазақстан мен Франция осындай елдер қатарында" екенін атап өтті.

Эммануэль Макрон қазақ жастары туралы да ойын бөлісті.

"Бүгінгі таңда Қазақстан мен Франция арасында көптеген келісім бар. Күрделі мәселелер бойынша ынтымақтастық бар. Және біздің жастар бар! Астанада кездескен жастар достығымыздың көрінісі,  мәдениеттеріміз бен тілдерімізді байланыстыратын буын", – деп жазады Франция президенті.

2023 жылғы 1 қараша күні Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Оны елорда әуежайынан премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін