Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мажарстан премьер-министрімен кездесті

Сурет: parlam.kz
Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстанға ресми сапары аясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесті.

Мәртебелі мейманды қарсы алған мәжіліс төрағасы екі ел арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Президенті мен Мажарстан премьер-министрінің тұрақты кездесулері арқасында стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін айтты.

Ерлан Қошанов Мажарстан үкіметінің басшысына елдегі ауқымды реформалар мен саяси жүйені қайта жаңғырту туралы ақпарат берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық саясаты аясында 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есеге ұлғайту жоспарланғанына тоқталды.

Әңгіме барысында тараптар достық топтары арқылы және басқа да алаңдарда парламенттік дипломатияның даму перспективаларын талқылады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті