Биылғы астық түсімі елді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз етуге жеткілікті

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқанының аяқталу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алқап 24 млн гектар болды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектар артық.

"Бүгінде еліміздің барлық өңірінде астық жинау науқаны аяқталып жатыр. Облыс әкімдіктерінің дерегі бойынша 16,9 млн га (98,7%) жиналды. Орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық, оның ішінде 11,4 млн тонна бидай бастырылды. Жалпы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күтілетін жалпы астық түсімі 16 млн тонна болды. Бұл 3 млн тонна көлеміндегі ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, елді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз етуге жеткілікті". Ауыл шаруашылығы министрі

Сонымен қатар елімізде 4,3 млн тонна көкөніс дақылы, 3,5 млн тонна картоп және 1,6 млн тонна майлы дақыл жиналды. Атап айтқанда 747,5 мың тонна күнбағыс бастырылды.

Егін жинау жұмысын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы ұйымдарына литріне 250 теңгеден 426 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген.

"Сонымен қатар қазіргі жағдайды ескере отырып, дәнді және майлы дақылдарды кептіру үшін қосымша 62,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу туралы шешім қабылданды", - деді Айдарбек Сапаров.
Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі