Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мирас Төлебаев 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Қорғаныс шекара маңы ынтымақтастығы орталығында бас маман болып бастаған.
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық ортылығында бас маман, бас менеджер, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы департаментінің бас сарапшысы, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет басқармасының 1-санаттағы сарапшысы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялық комитеті басқармасының бас сарапшысы, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
2015-2016 жылдары – Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы, Елорданы тұрақты дамыту орталығы директорының орынбасары, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының басшысы, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылғы қараша айында ҚР туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды.