Бұдан бұрын мәжілісте сөйлеген сөзінде ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аталған келісімнің мақсаты ЕАЭО аудиторлық қызметтерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру, аудиторлық қызметтерді шектеусіз жеткізу және қабылдаушы елде қосымша белгілеусіз ерекшеліктер, аудиторлардың біліктілік сертификаттары мен аудиторлық есептерді өзара тану екенін айтқан еді.
Бұл ретте сенаттың тиісті комитетінің қорытындысында келісім бір мүше мемлекеттің аудиторлық ұйымдарын, жекелеген аудиторларын және басқа мүше мемлекеттерде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға жіберуді қамтамасыз етуге байланысты қатынастарды реттейтіні және бірқатар субъектілерге қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайтыны түсіндіріледі:
- аудиторлық қызметті жүзеге асыратын және оған қатысатын тұлғалар;
- аудиторлық ұйымдар мен жеке аудиторлардың құрылуы мен қызметі;
- біліктілік емтихандары мен біліктілігін арттыру;
- аудит стандарттары;
- тізімін жүргізу;
- аудиторлардың тәуелсіздігі мен кәсіби этикасы, аудиторлық құпиялық, аудиторлық есептер;
- аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
- аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығының туындауы және тоқтауының бірыңғай тәртібі.
Құжатты ратификациялау біртұтас нарықтың барлық қатысушысы үшін ортақ құқықтық негізді белгілеп қана қоймай, аудиторлық тексерулер мен біліктілік куәліктерінің нәтижесін мойындайды. Сонымен қатар ерекшеліктер мен шектеулерсіз Қазақстаннан тыс жерлерде қызметті жүзеге асырады деп көзделген.
"Сонымен қатар бұл аудиттелетін субъектілердің санын көбейту арқылы кіріс көлемін ұлғайтуға және бәсеке арқылы аудиторлық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - делінген қорытындыда.
Жалпы сенаторлар ратификацияны қолдады. Осылайша, заң қабылданды деп есептеледі және мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.