Ерлан Қарин "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасының маңызын айтты

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған маңызды заң туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бүгін, 2023 жылғы 16 қарашада мемлекет басшысы аса маңызды заңға қол қойғанын еске салды.

"Бүгін мемлекет басшысы өте маңызды заңға қол қойды. Бұл – Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері туралы құжат. Осылайша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген негізгі бастаманың бірі – "Ұлттық қор – балаларға" атты жобаны жүзеге асырудың заңнамалық негізі қалыптасты", - деп жазды ол Telegram-дағы каналында.

Енді келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жас жеткіншектердің арнаулы есеп-шотына аударылады.


"Балалар кәмелет жасына толған соң, бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсайды. Президент осы заңға халқымыздың саны 20 миллионға жеткен күні қол қойды. Мұның символдық мәні бар деуге болады".
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр