Камиль Ақатов ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камиль Ақатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 20 қараша күні үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.

2015-2016 жылдары — "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2022 жылдары "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры,  "Qazinnovations" иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне 2022 жылғы 1 қыркүйек күні тағайындалған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты