СІМ: Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығуды жоспарлап отырған жоқ

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров 22 қарашада Мәжіліс кулуарында "Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығу мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қайрат Омаров Қазақстанның ҰҚШҰ-ға мүшелігіне қатысты сан түрлі пікір бар екенін айтты.
"Бүгінге дейін бірде-бір мемлекет ұйымға мүшелігін тоқтату туралы ресми түрде өтініш берген жоқ. Сондықтан ҰҚШҰ құрамында ешқандай өзгеріс болмайды. Әрқашан мұндай ұйымнан тыс болғаннан көрі оның ішінде болған жақсы. Қазақстанда мұндай жоспар мүлде жоқ (ҰҚШҰ-дан шығу туралы – ред. ескертпесі). Бұл ұйымды құруға өзіміз ат салыстық. Ол біздің мүддеміз үшін жұмыс істеп жатыр деп есептейміз", – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Қайрат Омаров ҰҚШҰ аясындағы барлық шешім бәтуа негізінде қабылданатынын атап өтті.

"Ешбір мемлекетке ешқандай шешімді таңуға болмайды. Бұл ұйым біздің мүдделерімізге сай келеді және ҰҚШҰ-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді деп есептейміз", – деді спикер. 

25 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров "Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шығу туралы келісті" деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты