Тоқаев Румыния президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Йоханнисті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Румынияның ұлттық мерекесі – Ұлы бірігу күнімен құттықтады.


"Румыния – саяси тұғыры бекем, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Осы тұста еліңіз алдағы уақытта да биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Румыния арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Оған Сіздің қосып отырған жеке үлесіңізді жоғары бағалаймын. Екіжақты ықпалдастығымыз келешекте де табысқа толы болатынына кәміл сенімдімін", – деп жазылған Ақордада жарияланған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президенті Клаус Йоханнистің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына баянды бақыт пен амандық тіледі.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты