Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Сурет: Алматы әкімдігі
Бауыржан Қабдол Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Бауыржан Қабдол Жалелұлы тағайындалды.

Бауыржан Қабдол 1978 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің көлік колледжін, Орталық Азия университетін, Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік және коммерциялық секторларда жұмыс істеді.

2021-2022 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы маусымнан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы