Тоқаев алдағы онжылдықта оңайшылықпен қол жете бермейтін маңызды минералдарды атады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 1 желтоқсанда Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде алдағы онжылдықтарда маңызды тапшы минералдарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының саммиттегі сөзінің үзіндісін Ақорда Telegram-дағы парақшасында жариялады.

"Шын мәнінде, алдағы онжылдықта аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін минералдар әлемді декарбонизациялау деңгейі бойынша баға жетпес ресурсқа айналады. Қазақстан өтпелі кезеңде осындай минералдардың негізгі жеткізушісі болуға дайын". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан жекелеген "жасыл" бастамаларды белсенді түрде қолдайтынын айтып, Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығы пластикалық қалдықтардан құтылу жөніндегі жобаларды жүзеге асыру арқылы экологияны қорғауға өз үлесін қосып жатқанын мысалға келтірді. 

"Климатты қорғау үшін экономикасы дамып келе жатқан елдерден ұлттық өркендеуі мен жаңғыруын құрбан етуді талап етпеген жөн. Бұл принципті әрі әділетті ұстаным деп санаймын. Керісінше, аталған мақсаттар қатар жүруі және бір-біріне дем беруі керек. Осы орайда батыл қадамдар жасау қажет". Қасым-Жомарт Тоқаев

БАЭ
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек