Қазақстан Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылады

Сурет: akorda.kz
2023 жылы 1 желтоқсанда Dubai Expo City көрме орталығында өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдетудің ең жылдам әдісін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті метан қалдықтарын азайту – жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін ең жылдам тәсілі екенін баса атап өтті.

"Сондықтан Қазақстанның Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуға шешім қабылдағанын зор қуанышпен мәлімдеймін. Сонымен қатар біздің аймақтағы елдердің көмірге қатысты түйткілді проблемалары бар. Осы мәселені шешу мақсатында Қазақстан өңірде бірінші болып Әділетті энергетикалық жүйеге көшу жөніндегі серіктестік бағдарламасын (JETP) іске асыруға ұмтылыс жасап отыр". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Президент аталған екі бастама табысты орындалуы үшін достар мен серіктестерді қолдау көрсетуге шақырды. 

Айта кетсек, Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы онжылдықта оңайшылықпен қол жете бермейтін маңызды минералдарды атаған болатын

БАЭ
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді