Нұрлан Жақыпов: Жамбыл, Жетісу, Қостанай облыстарында жел электр стансалары салынады

Сурет: akorda.kz
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Дубайда Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасында қол қойылған бірқатар келісімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін Дубай қаласында, Мемлекет басшысының сапары барысында СОР28 саммиті шеңберінде Қазақстан бірнеше келісімге қол қойды. Олардың арасында француздың TotalEnergies, Сауд Арабиясының ACWA Power компанияларымен, сондай-ақ әмірлік компаниясымен келісімге отырдық. Оған сәйкес, Қазақстанда 3 Гвт қуатты құрайтын жел электр стансаларын салатын боламыз. Қуаты 1,5 Гвт  жел энергия стансасы Жамбыл облысында, тағы бір 1 Гвт-тығы - Жетісу облысында 0,5 Гвт болатын станса Қостанай немесе Ақмола облысында салынбақ. Толық инвестиция көлемі 4,5 млрд доллардан астам болады". "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов

Оның айтуынша, бұл іс-шара Қазақстанның ұлттық электр жүйені потенциалын арттыруға көмектеседі, көмірсутегін бейтараптыру бағытына тиісті үлес қосады. 

Айта кетсек, 2023 жылы 2 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит (СОР28) аясында Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты.

БАЭ
Қазақстан
Самұрық-Қазына

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді