Президент Қазақстанның экономиканы декарбонизациялау және әртараптандыру жөніндегі жоспарлары, экологияны қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде энергия балансында көмірді пайдалануды біртіндеп азайту жайына да кеңінен тоқталды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның экономикалық әлеуеті және өңір елдерінің экономикалық байланыстарын дамыту жайлы кең ауқымды сұқбатын Euronews телеарнасы осы аптада эфирден беруді жоспарлап отыр.
"Біз экономикамызды декарбонизациялауға, оны әртараптандыруға, Қазақстандағы көміртекті емес секторлардың дамуына серпін беру мәселелеріне үнемі назар аударып, оған байыппен қараймыз. Бұл - нағыз сынақ, ең алдымен ол біздің дүниетанымымыздағы үлкен өзгерістердің орын алатынын болжайды. Бұл жалпыға ортақ тренд, әлемдік экономикалық даму екенін мойындаймын, сондықтан Қазақстан одан қалыс қала алмайды. Сонымен қатар, біз қоршаған ортаны қорғаудың жақтаушысымыз. Иә, Қазақстан әлі де көмірді пайдаланады, бірақ, менің ойымша, жақын арада оң өзгеріс болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
5 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады.