Француз басылымында Тоқаев пен Макронның кездесуі туралы мақала жарияланды

Сурет: видеодан алынды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның Астанадағы кездесуі туралы мақала француздың әйгілі Лессансьéль журналының кезекті шығарылымында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Халықаралық қатынастағы маңызды құндылық" деп аталатын мақалада Макронның Қазақстанға ресми сапары мен екі елдің даму мүмкіндіктері айтылған. Автор белгілі саясаткерлердің пікірлерін де сарапқа салған. Мәселен, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстандағы ауқымды реформаларға тоқталса, өзге де білікті мамандар экономика бағытындағы стратегиялық жоспарымен бөліскен, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Француз бұрақаралық ақпарат құралының Қазақстанға қызығушылық танытуы бекер емес. Олардың тараптар арасындағы қатынасты талқылауы, екі елдің мүмкіндіктерін арттыра түскендей. Тағы да атап өткім келеді, бұл сапар Франция мен Еуропаның неліктен Орталық Азиямен байланыс орнатуға ниетті екенін ұғындырды. Экономикалық бағыттағы дипломатиялық сапар деуге болады, енді мәдениет саласы бойынша қатынасты нығайту керек". Еуропадағы талдау және қауіпсіздік институтының президенті Эммануэль Дюпюи
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды