Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кетеді

Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кететінін хабарлады.

Нұрмағамбетов электр энергетикасы, жылу электр станциялары, жаңартылатын энергия көздері салаларына жауапты болған.

Ведомство Нұрмағанбетов 2023 жылғы 16 қараша мен 15 желтоқсан аралығында еңбек демалысында болатынын, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылатынын нақтылады.

"Желіде тарап жатқан вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы кикілжің туралы ақпарат шындыққа жанаспайды". Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, "КИМЭП Университеті" АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

"Қызылорда ТЭК" АҚ бас директоры, "Қызылорда" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасы, "KEGOC" АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Жандос Нұрмағанбетов ҚР энергетика вице-министрі болып 2021 жылғы 13 желтоқсан күні тағайындалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды