Жәннат Дүбірова өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жәннат Балғабайқызы Дүбірова өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жәннат Дүбірова 1987 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ұлыбританиядағы Манчестер университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Коммерциялық құрылымдарда метадеректер әкімшісі, IT жобалардың жетекшісі, менеджері, бас менеджері, Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары "Астана Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" ШЖҚ МКК басшысы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды